Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралуын жариялады

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: The Astana Times

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындалып жатқанын хабарлады, деп жазады Pin-UpSport.kz.

Кәсіпқой боксшы жанкүйерлерге әлеуметтік желі арқылы үн қатып, көп ұзамай қарсыласының есімі белгілі болатынын жеткізді. «Құрметті бокс жанкүйерлері, көптен күткен жаңалықты жуық арада естисіздер. Бұл орта салмақтағы үлкен айқас болмақ!», – деп жазды Әлімханұлы.

Айта кетейік, «Қазақ стилі» соңғы кездесуін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені 5-раундта нокаутпен жеңген еді. Орта салмақтағы басқа чемпиондар қатарында Эрисланди Лара (WBA) және Карлос Адамес (WBC) бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру