Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Орта салмақта WBO/IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері доминикандық Карлос Адамеспен біріктіру жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл туралы испан тілді комментатор әрі тележүргізуші Фернандо Сабатини әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді: «Карлос Адамес маған Жәнібек Әлімханұлымен біріктіру жекпе-жегі оның келесі айқасы болатынын айтты».

Сабатини Карлостың сөзін де келтірді: «Біз бұл келісімге ұзақ уақыт жете алмадық, бірақ бұл айқас өтеді. Біз оны ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Келісім іс жүзінде аяқталды».

Әзірге жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны белгіленген жоқ. Дегенмен, бұл кездесу екі боксшы үшін де келесі жекпе-жек болатынына күмән жоқ. Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы жақын арада «орта салмақтағы көптен күткен айқасты» жариялайтынын айтып, бірақ қарсыласының есімін ашпаған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру