Зарина Дияс Жапониядағы турнирде топ жарды

Зарина Диас

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өткен ITF W50 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Финалда әлемдік рейтингте 318-орында тұрған Зарина жергілікті теннисші, 288-ші ракетка Аяно Шумицуды жеңді.

Қос сетте де отандасымыз сенімді ойын көрсетіп, қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл жеңіс – Диястың спорттық жолындағы маңызды белестердің бірі саналады.

«Жапониядағы турнирді жеңіспен аяқтадым. Мұндай финал болады деп тіпті армандаған жоқпын. Төрт аптада талай ойын, жеңіс, қиындық пен өсу сәттері болды. Жапония, алғысым шексіз. Көңілім шаттыққа толы күйде елге ораламын», – деп жазды Зарина әлеуметтік желідегі парақшасында.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты
30 Июн - 22:21 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
29 Июн - 18:04 Жекпе-жек Теннис
Юлия Путинцева «Уимблдондағы» жарысты алғашқы айналымда аяқтады