Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяда өткен турнирде топ жарды

Зангар Нурланулы

Зангар Нурланулы

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 санатындағы жасөспірімдер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Байрақты додада ол бірінші нөмірмен тіркеліп, өз мәртебесін толық ақтады. Финалда Нұрланұлы жергілікті Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

Турнир барысында қазақстандық спортшы бірде-бір сетте қарсыластарына жол бермей, тұрақты әрі сенімді ойын көрсетті.

Бұл жеңіс Заңғардың жекелей сындағы алтыншы ITF Juniors атағы болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру