Юлия Путинцева US Open жарысын жеңіспен бастады

Юлия Путинцева

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алғашқы айналымда ол Италия өкілі Элизабетта Кочареттомен кортқа шығып, екі сетте басым түсті. Қарсыласын 6:4, 7:6 есебімен ұтып, матчты 1 сағат 56 минутта аяқтады.

Келесі кезеңде Путинцева ресейлік Анна Калинская мен америкалық Клерви Нгунуэ арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. US Open турнирі 24 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры – 90 миллион доллар. Турнирдің қазіргі чемпионы – Беларусь спортшысы Арина Соболенко.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру