Усман жеңіске жетіп, Шавкат пен Исламға қарсылас болуға дайын екенін айтты

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC
АҚШ-тың Атланта қаласында өткен UFC турнирінің басты жекпе-жегінде Камару Усман жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Ол Хоакин Баклиді төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіп, 2021 жылдың қарашасынан бергі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында 38 жастағы Усман жартылай орта салмақтағы алдағы мүмкін жекпе-жектер жайлы өз ойын айтты. Оның айтуынша, Бакли Иэн Гэрри немесе Карлос Пратеспен күш сынаса алады. Ал Шон Брэди мен Шавкат Рахмонов кездесуі мүмкін. Өзі болса, Делла Маддалена немесе Ислам Махачевпен кез келген уақытта октагонға шығуға дайын екенін жеткізді.
Қазір Усман жартылай орта салмақ рейтингінде бесінші орында тұр. Шавкат үздік үштікті түйіндеп тұрса, Брэди екінші сатыда.