УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді

Фото: UEFA.com
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы ФИФА-ның әлем чемпионаты мен басқа да турнирлердің құқықтарын жеке инвесторларға беру туралы бастамасына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
УЕФА құрамындағы 55 ұлттық қауымдастық бұл ұсынысты бірауыздан қабылдамайтынын мәлімдеді. Ұйымның пікірінше, әлем чемпионаты – бірнеше буын қалыптастырған футбол мұрасы және оны инвестициялық жоба ретінде қарастыруға болмайды. Сондай-ақ мұндай маңызды бастама ұлттық қауымдастықтармен ешқандай кеңес өткізілместен дайындалғаны сынға алынды.
Мәлімдемеде жеке инвесторлардың келуі күнтізбе, турнир форматы және футболдың болашағына қатысты шешімдердің ойын мүддесіне емес, акционерлердің қаржылық мүддесіне сай қабылдануына әкелуі мүмкін екені айтылды. УЕФА футболдың болашағы инвесторлардың пайда табу талабына тәуелді болмауы тиіс деп есептейді.
Еуропалық ұйым егер бұл ұсыныс толықтай кері қайтарылмаса және ФИФА мұндай бастамалардың қайталанбайтынына ресми кепілдік бермесе, УЕФА құрамындағы ұлттық құрамалар ФИФА ұйымдастыратын турнирлерге қатыспайтынын мәлімдеді. Ұйым әлем чемпионаты бүкіл футбол қауымдастығына тиесілі құндылық екенін және оны сатуға болмайтынын ерекше атап өтті.



