Владимир Вайсс Қазақстан құрамасын жаттықтырудан бас тартты

Владимир Вайсс

Фото: Milanreports.com

Словакиялық маман Владимир Вайсс футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін қабылдамайтын болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz «Fonteam» YouTube-арнасына сілтеме жасап.

Футбол шолушысы Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, тәжірибелі бапкердің шешімі денсаулығына және отбасылық жағдайына байланысты қабылданған. «Ол қазіргі жағдайға байланысты Словакиядан шықпайтынын және Қазақстанға келмейтінін мәлімдеді», — деді журналист.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кеткен еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру