Виктор Темиров келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді

Виктор Темиров

Виктор Темиров. Фото: BoxRec

Кәсіби рингте жеңілмеген қазақстандық боксшы Виктор Темиров (8-0, 6 КО) 5 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінде қайта шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қарсыласының есімі әзірге жарияланбады. Жекпе-жек Ali Akhmedov Promotions компаниясы арқылы таныстырылды.

Промоутерлік команда Темировтың Германияда табысты өнер көрсетіп жүргенін және жеңіліссіз сериясын сақтап келе жатқанын атап өтті. Жергілікті жанкүйерлер оны кәсіби мансабын Германияда бастаған жас Геннадий Головкинмен салыстырады.

Соңғы кездесуін Темиров 14 маусымда Ганноверде өткізіп, үшінші раундта польшалық Лукаш Барабашты (4-17, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Кәсіби рингте ол «Қасапшы» лақап атымен танымал.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру