«UFC-ге қазақша стильмен барамын»: Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter жобасына қатысып жатыр

Алиби Идрис

Алиби Идрис. Фото: Naiza

UFC-дің ресми сайты қазақстандық файтер Әліби Ыдырыстың The Ultimate Fighter реалити-жобасына қатысып жатқанын хабарлады. Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін спортшы Дэниел Кормье мен Чейл Соннен секілді аты аңызға айналған бапкерлердің жетекшілігімен жаттығады.

Әліби – кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген, рекорды – 10:0. Ол панкратионнан Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Жас спортшының басты мақсаты – The Ultimate Fighter жобасынан өтіп, UFC-де ел намысын қорғау.

«Мен The Ultimate Fighter арқылы UFC-ге өтіп, сол жерде тұңғыш қазақ спортшысы болғым келеді» – дейді Әліби Ыдырыс.

Оның айтуынша, шабыт берген спортшылар қатарында Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, сондай-ақ Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев бар. Әліби өз жекпе-жек мәнерін «қазақша стиль» деп атап, оны UFC-де алғаш болып көрсеткісі келеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру