UFC-дегі алғашқы жеңіс: Веретенников төрешілер шешімімен ұтты

Николай Веретенников

Фото: Zuffa LLC

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласында өткен UFC 318 турнирінде қазақстандық жекпе-жек шебері Николай Веретенников (13-6) октагонға шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол бұл жолы аргентиналық Франсиско Прадомен (12-4) жекпе-жек өткізді. Жартылай орта салмақтағы кездесу толық үш раундқа созылып, төрешілердің бөлек шешімімен Веретенниковтың жеңісімен аяқталды.

Бұл – Николайдың UFC аясындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол америкалық Остин Вандерфорд пен Дэнни Барлоудан ұтылған. Вандерфордпен болған жекпе-жектен кейінгі жанжал кезінде қазақстандық спортшы қарсыласын итеріп жібергені үшін ұйым тарапынан ескерту алған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру