Тұраров BoxRec рейтингінің үздік 20 қатарына оралды

Жанкош Тураров

Жанкош Тураров

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) ұзақ үзілістен кейін BoxRec рейтингінде қайта бой көрсетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

5 қыркүйекте Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде ол филиппиндік Али Канеганы (12-3-1, 8 КО) қазылар шешімімен айқын басымдықпен жеңді. Бұл жетістік Тұраровқа бірінші жартылай орта салмақтың үздік 20 қатарына кіріп, 19-орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет рингке 2023 жылдың желтоқсанында шығып, жапондық Акихиро Кондоны (37-13-3, 21 КО) ұтқан болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру