Трент Александер-Арнолд жарақат алып, «Қайратқа» қарсы ойыннан тыс қалуы мүмкін

Трент

Трент. Фото: Real Madrid via Getty Images

«Реалдың» қорғаушысы Трент Александер-Арнолд «Марсельге» қарсы өткен (2:1) Чемпиондар лигасы ойынында жарақат алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Sport24.ru-ға сілтеме жасап.

17 қыркүйекте жасалған медициналық тексерістен кейін ағылшын футболшысының сол аяғының артқы бұлшық етінен жарақат анықталды. Қай уақытта қатарға қосылатыны нақты белгісіз, бірақ БАҚ мәліметінше, ол шамамен бір жарым ай алаңға шыға алмайды.

Осылайша, 30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчқа Александер-Арнолдтың қатысуы екіталай болып тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар