Тоқтар Hype FC турнирінде жеңіліс тапты

Еркебулан Токтар и Одилхон Камолов
Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол қырғызстандық Марсель Нурланбек уулымен кездесті.
Жеңіл салмақта өткен айқас бокс ережелері бойынша ММА қолғаптарымен ұйымдастырылды. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек толық өтіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс қырғызстандық спортшыға берілді.
Еркебұлан Тоқтардың ММА-дегі кәсіби рекорды қазіргі уақытта 11 жеңіс және 3 жеңілістен тұрады. Ол соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында өткізіп, ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Марсель Нурланбек уулының кәсіби көрсеткіші — 14 жеңіс, жеңіліссіз. Оның соңғы айқасы 2024 жылдың тамызында өтіп, ол өзбекстандық Фарход Эргишбаевты нокаутпен жеңген болатын.


