Тони Кроос футбол тарихындағы үздік қақпашыны атады

Мануэль Нойер

Фото: Bundesliga

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы, Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Кроос өз пікірін білдіріп, футбол тарихындағы ең мықты қақпашы ретінде Мануэль Нойерді атады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Мен үшін Нойерден басқа балама жоқ. Оливер Канмен біраз жаттығуға қатыстым, бірақ Нойер – ең үздік. Ол қақпашының рөлін мүлде жаңа деңгейге көтерді», – деді Кроос.

Әдетте тарихтағы ұлы қақпашылар қатарында Лев Яшин мен Джанлуиджи Буффонның есімдері жиі айтылады. Алайда Кроос бұл атаққа Нойер лайық деп санайды. Неміс қақпашысы 2009 жылдан 2024 жылға дейін ұлттық құрама сапында 124 матч өткізіп, оның 51-інде қақпасын таза ұстады. Ал клубтық деңгейде ол 2011 жылдан бері «Бавария» намысын қорғап келеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 21:29 Футбол
Самородов РПЛ матчында «Ахмат» сапындағы ең жоғары баға алды
09 Мар - 20:21 Футбол
Кенжебек Ресей Премьер-лигасында алғашқы матчын өткізді
08 Мар - 18:31 Футбол
Гвардиола Англияда екі матчқа шеттетілді
08 Мар - 12:54 Футбол
Самородов CIES нұсқасы бойынша Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді