Төрт қола қоржында: Қазақстан боксшылары Әлем кубогында жүлде жолын жалғастыруда

Ертуган Зейнуллинов

Фото: НОК РК

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына төрт қола медаль түсті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жартылай финалда Айдана Забынбекова, Аида Абикеева, Ертуған Зейноллин және Сығындық Тоғамбай тоқтап, үшінші орын иеленді.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айдана Забынбекова ширек финалда қарсыласының турнирден бас тартуына байланысты бірден жартылай финалға өткен еді. Алайда финал жолдамасы үшін өткен кездесуде ол үндістандық Жайсмине қарсыласына есе жіберіп, жарысты қола медальмен аяқтады.

65 келі салмақта жұдырықтасқан Аида Абикеева жартылай финалда Олимпиада чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы Бусеназ Сурменелиге қарсы шықты. Түркиялық боксшы алғашқы секундтардан бастап басымдық танытып, Аидаға мүмкіндік бермей, финалға жолдама алды.

Ертуған Зейноллин де (65 келіге дейін) жартылай финалда үндістандық Абхинаш Джамвалмен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған кездесуде қарсыласы ұпай санымен жеңіске жетіп, Ертуған қола медальмен шектелді.

Сығындық Тоғамбай (90 келіге дейін) өзінің жекпе-жегін бір күн бұрын өткізіп, жартылай финалда жеңіліп қалған болатын. Ол да үшінші орын алып, ел қоржынына алғашқы жүлделердің бірін салды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді