Ташкенттегі тартыс: Тоқтар мен Камолов шешуші жекпе-жекке шығады

Еркебулан Токтар и Одилхон Камолов

Еркебулан Токтар и Одилхон Камолов

Қазақстандық Еркебұлан Тоқтар мен өзбекстандық Одилхон Камолов биыл қыркүйекте Ташкентте үшінші рет қолғап түйістіреді. Sportnews.kz мәліметінше, бұл жолы Octagon лигасының BMF белдігі сарапқа салынады. Қазір бұл атақ Тоқтарда.

Алматыда өтетін конференцияға екеуі де шақырылған. Бірақ басталмай жатып, сыртта оқыс оқиға болды: Тоқтар Камоловқа шапалақ беріп жіберді. Осыдан кейін Камолов шараға қатысудан бас тартты.

Ол бірден видео жариялап, Тоқтар мен Octagon-ды құрметсіздік көрсетті деп айыптады. Бұл өзбек жанкүйерлері арасында наразылық тудырды.

Қос мықтының есебі — 1:1. Ташкенттегі кездесу тек шешуші реванш емес, BMF белдігін кім иеленетінін де анықтайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру