Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Талгат Жайлауов

Фото: НОК РК

Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Қазіргі таңда ұлттық құрама 20-23 қараша аралығында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатыр.

Сондай-ақ бапкерлік штабқа “Номад” клубының бас бапкері Константин Пушкарёв, “Торпедо” бас бапкері Андрей Корабейников және “Номад” қақпашылар маманы Александр Кудрявцев енді.

Талғат Жайлауов қазір “Барыс” клубының жаттықтырушылар штабында қызмет етеді. Бұған дейін ол бұл қызметте 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қазанына дейін жұмыс істеген.

Сондай-ақ ол 2024 жылғы Олимпиадалық іріктеу турнирінде, 2025 жылғы Азия чемпионатында және 2025 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманың бас бапкерінің көмекшісі болды.

Хоккейші ретінде Жайлауов жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамалар сапында ойнаған. Ересектер құрамасында 2006 жылы дебют жасап, 9 әлем чемпионатына, үш олимпиадалық іріктеу турниріне және 2007, 2011 жылдардағы Азия ойындарына қатысты.

IIHF аясында 59 ресми матч өткізген. Әр жылдары өзі түлеп ұшқан клубы “Қазцинк-Торпедо”, “Барыс” және “Номад” командаларында ойнады. Ойыншы ретіндегі мансабын 2020 жылы Қарағандының “Сарыарқа” клубында аяқтады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Ноя - 09:12 Хоккей
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
12 Ноя - 15:24 Хоккей
«Сарыарқа» командасының бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль мансабын Түркияда жалғастырады
04 Ноя - 14:39 Хоккей
Шайбалы хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
17 Окт - 14:09 Хоккей
Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
18 Авг - 17:39 Хоккей
«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты
14 Авг - 15:51 Хоккей
Канадалық қақпашы «Барысқа» қосылды
07 Авг - 11:16 Хоккей
Қазақстан құрамасының хоккейшісі «Барысқа» қосылуға жақын
06 Авг - 09:22 Хоккей
«Барыс» жаңа маусымға дейін шетелдік ойыншылармен күшеймек
04 Авг - 13:45 Хоккей
«Барыстың» тізгінін ресейлік маман ұстады
03 Авг - 20:02 Хоккей
«Барыс» Мамбеталиевке келісімшартты бұзғаны үшін 170 миллион теңге өтемақы төлейді