Тайсон мен Мейвезер 2026 жылдың көктемінде жұдырықтасады

Фото: CNN
Әйгілі боксшылар Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер көрме жекпе-жегінде кездеседі, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Тайсон бұл ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында Coming Soon («Жақында») деп жазып растады. Жекпе-жекті CSI Sports/Fight Sports промоутерлік ұйымы ұйымдастырады. Айқас 2026 жылдың көктемінде өтеді деп жоспарлануда, нақты күні мен орны кейін жарияланады.
«Мен бұл кездесудің боларына ешқашан сенген емеспін. Флойдтың келісім бергеніне әлі күнге дейін таңғаламын. Бұл оның денсаулығына әсер етуі мүмкін, бірақ егер ол келісімшартқа қол қойса — онда бастайық!», — деді Тайсон TMZ Sports арнасына берген сұхбатында.
58 жастағы Тайсон 2005 жылы мансабын аяқтап, ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған. Соңғы рет ол 2024 жылдың қарашасында блогер-боксшы Джейк Полға қарсы шығып, төрешілер шешімімен жеңілген. Ал 48 жастағы Мейвезер 2017 жылы кәсіпқой рингпен қоштасып, төрт салмақтағы әлем чемпионы әрі жеңіліссіз боксшы ретінде тарихта қалды. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың тамызында Джон Готти III-ке қарсы өткен.