Сульшер Зайнутдиновке сенім артпайды: Бактиер командадан кете ме?

Бахтиер Зайнутдинов

Бахтиер Зайнутдинов. Фото: UEFA via Getty Images

«Бешикташтың» бас бапкері Уле Гуннар Сульшер Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты алдағы маусым жоспарына қоспай отыр. Бұл жөнінде түрік басылымдары хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Сульшер Зайнутдиновпен қатар Алекс Окслейд-Чемберлен және Амир Хаджиахметовичпен жеке кездесіп, олардың командадан кету мәселесін талқыламақ. Сонымен қатар, бапкер клуб басшылығынан жаңа маусымға бес трансфер жасауды сұраған.

Зайнутдинов «Бешикташ» сапына 2023 жылдың тамызында қосылды. Сол уақыттан бері ол 49 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Қазір ол жарақатынан кейін қайта қалпына келу кезеңінде.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар