Сұлтан Заурбек келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

Султан Заурбек

Султан Заурбек. Фото: ©instagram.com/sultanzaurbek

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбектің (20-0, 13 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның айтуынша, британдық Wasserman Boxing промоушенімен келіссөздер жүріп жатыр. «Біз бұл мәселені талқылап жатырмыз. Қараша айында жекпе-жек өткізуді жоспарлаудамыз. Көп жағдайда айқас Шымкентте өтеді деп ойлаймын», — деді Ерденбеков.

Сұлтан Заурбек соңғы рет сәуір айында Астанада шаршы алаңға шығып, танзаниялық Азингу Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру