Словения төрінде қос жүлде: Гимнасшылар Тойшыбек алтын, Ыдрысов күміс иеленді

Дияс Тойшыбек. Фото: ДРС
Словенияның Копер қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде Дияс Тойшыбек алтын медаль жеңіп алды. Ол ат снарядындағы жаттығуда үздік шығып, финалда 14.033 ұпай жинады.
Осы сында оның командаласы Зейнолла Ыдрысов 13.866 ұпаймен күміс жүлдені еншіледі. Қос спортшы Қазақстан туын биікке көтеріп, тұғырдың ең жоғарғы екі сатысына жайғасты.
Үшінші орын албаниялық Матвей Петровқа бұйырды. Ол 13.200 ұпаймен қола медальға қол жеткізді.