Шавкат Рахмоновтың UFC-ге қашан оралатыны белгілі болды

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (19-0) 2026 жылдың басында октагонға қайта оралады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл туралы оның әріптесі Фаниль Рафиков мәлімдеді.

«Менің білуімше, Шавкат келесі жылдың басында жекпе-жек өткізуді сұрады. Қазір бұл дивизиондағы жағдай өте қызық: чемпион ауысуы мүмкін, Шон Брэди қарсылас іздеп жүр. Сондықтан көп ұзамай Шавкаттың Белал Мұхаммедпен кездесуі ықтимал», – деді Рафиков.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гарриді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бұған дейін оны бірнеше мәрте Белал Мұхаммедке қарсы шығармақ болды, бірақ жекпе-жектер екі жақтағы жарақаттарға байланысты өтпей қалған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру