Шавкат Рахмоновтың мақсаты өзгерген жоқ: Dar Team мәлімдеме жасады

Фото: Yahoo Sports
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың командасы 2025 жылы UFC белдігін жеңіп алуға бағытталған жоспарын растады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Dar Team ұжымы Instagram желісінде «Мақсат өзгермейді — 2025, белдік» деген жазумен видео жариялады.
Шавкат соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осы кездесуден кейін жарақатын емдеуге уақыт бөліп, үзіліс алды. Ал осы аралықта оның салмағында чемпион өзгеріп, белдікті австралиялық Джек Делла Маддалена иеленді. Ол америкалық Белал Мухаммадты күтпеген жерден жеңіп, дивизион көшбасшысына айналды.
Шавкаттың октагонға қайта оралуы жыл соңына қарай жоспарланып отыр. Егер алдағы қарсыласын жеңсе, Рахмонов чемпиондық белбеу үшін айқасуға бір қадам жақындай түспек.