Сатпаев 16 жасқа дейінгі әлемдегі ең қымбат үш ойыншының қатарына кірді

Фото: Getty Images
«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев 16 жасқа толмаған футболшылар арасындағы ең қымбат үш ойыншының қатарына енді, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.
Transfermarkt дерегі бойынша, бұл тізімнің көшін «Тихуана» клубының шабуылға бейім жартылай қорғаушысы Хильберто Мора (3 млн еуро) бастап тұр. Екінші орында – «Андерлехт» сапындағы бельгиялық Натан Де Кат (2,5 млн), ал үшінші сатыда – 1,8 миллион еуроға бағаланған Дастан Сатпаев.
Сатпаев сондай-ақ 17 жасқа дейінгі ең қымбат 30 футболшының қатарына енген. Бұл топта бірінші орынды «Барселона» мен Испания құрамасының ойыншысы Ламин Ямаль иеленіп отыр – оның трансферлік құны 200 миллион еуроға бағаланған.
2025 жылғы маусымда Сатпаев «Қайрат» сапында 16 матчқа қатысып, 9 гол соқты және 4 нәтижелі пас берген. Ал ұлттық құрамада үш ойында алаңға шыққанымен, әзірге нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.