Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Сағындық Тоғамбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алғашқы кездесуін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстандық боксшы 90 келіге дейінгі салмақта бақ сынауда. Алғашқы айналымда ол ағылшын спортшысы Исаак Окомен күш сынасты. Қарсылас бірінші раундта үстемдік көрсеткенімен, Сағындық жекпе-жек соңына қарай басымдыққа ие болып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Енді Сағындық Тоғамбай келесі кезеңде ирландиялық Джек Марлеймен жұдырықтасады.