Сәтбаевтың «Челсиі» Франция құрамасының қорғаушысын сапына қоспақ

FIFA
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев өнер көрсететін Лондонның «Челси» клубы Франция құрамасының қорғаушысы Максанс Лакруаны қатарға қосуға жақын, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
TEAMtalk мәліметінше, 26 жастағы футболшы жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның өтініші бойынша орталық қорғанысты күшейтудегі негізгі үміткер саналады. Сондай-ақ клуб ойыншының өкілдерімен жеке келісімшарт талаптары бойынша алдын ала келісімге келген.
Қазіргі уақытта клубтар арасындағы келіссөздер шешуші кезеңге жеткен. Бұған дейін «Кристал Пэлас» «Челсидің» бірнеше ұсынысын қабылдамағанымен, енді лондондық клуб қорғаушы үшін сұралған шамамен 55 миллион фунт стерлинг көлеміндегі бағаға жақындады.
Дереккөздің мәліметінше, Лакруаның келуі «Челсидің» қорғаныс шебінде өзгерістерге әкелуі мүмкін. Трево Чалоба Италияның «Комосына» ауысуға жақын, ал Бенуа Бадьяшиль, Аксель Дисаси және Тосин Адарабиойо лайықты ұсыныс түскен жағдайда клубтан кетуі ықтимал.



