Рыбакина рейтингтегі орнын сақтады, Путинцева үздік отыздықтан тыс қалды

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 11-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Ол Берлиндегі WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына дейін жетіп, әлемдік рейтинг көшбасшысы Арина Соболенкоға жол берді.

Юлия Путинцева жеті сатыға төмендеп, 34-орынға жайғасты. Ал Зарина Дияс бір сатыға көтеріліп, 274-орынға шықты. Жібек Құламбаева да екі саты алға жылжып, 306-орында тұр.

Жекелей сындағы үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орында – Беларусь спортшысы Арина Соболенко, екінші мен үшінші орындарда америкалықтар Кори Гауфф пен Джессика Пегула.

Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина тоғызыншы орнын сақтап қалды. Бұл санаттағы алғашқы үштік те бұрынғыша: Катерина Синякова (Чехия), Тейлор Таунсенд (АҚШ) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия).

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 11:35 Теннис
Данилина Индиан-Уэллс турнирінің жұптық жарысында ширек финалға шықты
09 Мар - 10:09 Теннис
Бублик Индиан-Уэллстегі жұптық жарыста жеңіліс тапты
08 Мар - 16:20 Теннис
Рыбакина WTA турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша көш бастады
08 Мар - 14:42 Теннис
Бублик Индиан-Уэллстегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өтті
08 Мар - 09:00 Теннис
Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары