Рыбакина барлық «Үлкен дулыға» турнирінің 1/8 финалына шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші атанды

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының төртінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Үшінші айналымда ол 2021 жылғы US Open жеңімпазы, Ұлыбритания өкілі Эмма Радукануды (WTA рейтингі – 36) 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші Чехия спортшысы Маркета Вондроушовамен күш сынасады.

Осылайша Рыбакина Қазақстан атынан «Үлкен дулыға» турнирлерінің барлығында жеке сында 1/8 финалға шыққан алғашқы теннисші атанды. Оның ең ірі жетістіктері: 2023 жылғы Australian Open финалы, 2021 және 2024 жылдардағы «Ролан Гаррос» ширек финалы және 2022 жылғы Уимблдон жеңісі.

Ойыннан кейін Елена әсерімен бөлісті:

«Эмма мықты қарсылас, кейде есеп шын мәніндегі күресті көрсетпейді. Бүгінгі ойынымды жақсы бағалаймын. Бұл – менің US Open жарысындағы алғашқы 1/8 финалым. Енді барымды салып, мүмкіндігінше әрі қарай өткім келеді».

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 12:50 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауға бір жеңіс қалды
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды