Рыбакина АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы беделді турнирде алғашқы кездесуін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

1/8 финалда Елена рейтингте 88-орында тұрған канадалық Виктория Мбокомен кортқа шығып, екі сетте — 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бұл оның Уимблдон турнирінен кейінгі алғашқы ресми кездесуі еді. Жеңіс Рыбакинаға ширек финалға жолдама сыйлады.

Биылғы Вашингтон турнирінің жалпы жүлде қоры — 1 282 951 доллар. Жеңімпаз теннисші 197 570 доллар қаржылай сыйақы мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады. Турнирдің басты фавориті ретінде әлемнің төртінші ракеткасы Джессика Пегула аталып отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 11:35 Теннис
Данилина Индиан-Уэллс турнирінің жұптық жарысында ширек финалға шықты
09 Мар - 10:09 Теннис
Бублик Индиан-Уэллстегі жұптық жарыста жеңіліс тапты
08 Мар - 16:20 Теннис
Рыбакина WTA турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша көш бастады
08 Мар - 14:42 Теннис
Бублик Индиан-Уэллстегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өтті
08 Мар - 09:00 Теннис
Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары