Роналду әлем чемпионаты іріктеуіндегі рекордты қайталады

Криштиану Роналду

Фото: Getty Images

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Венгрияға қарсы ойында (3:2) гол соғып, жаңа тарихи межеге жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

40 жастағы футболшының бұл добы әлем чемпионатының іріктеуіндегі 39-шы голы болды. Осылайша ол Гватемала құрамасының бұрынғы ойыншысы Карлос Руистің рекордын қайталап, тарихтағы үздік сұрмергендердің көшін бастады.

Бұл көрсеткіште Роналдудың ең жақын қарсыласы — Аргентина құрамасының форварды Лионель Месси. Оның еншісінде 36 гол бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру