Роналду «Әл-Наср» клубының иелерінің біріне айналды

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубындағы акция үлесін арттырып, енді команда акциясының 20 пайызына иелік етеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл туралы танымал журналист Абдулазиз Аль-Осейми мәлімдеді. Келісім клуб құрылымындағы ішкі өзгерістер аясында жүзеге асқан. Жаңалық Сауд БАҚ беттерінде кеңінен талқыланып, Роналдуға қатысты «тек ойыншы емес, енді клуб иесі де» деген тақырыптар жарық көрді.

Айта кетейік, 2024 жылы португалиялық шабуылшы клубпен келісімшартын ұзартқанда, оған 15 % үлес берілген болатын. Қазір бұл көрсеткіш 20 %-ға жетті. 2024/25 жылғы маусымда 40 жастағы футболшы 41 матч өткізіп, 35 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Осылайша, Роналду клубқа алаңдағы ойынымен ғана емес, меншік иесі ретінде де үлес қосып отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 18:31 Футбол
Гвардиола Англияда екі матчқа шеттетілді
08 Мар - 12:54 Футбол
Самородов CIES нұсқасы бойынша Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр