Роналдиньо Месси туралы: «Ол өз заманының үздік ойыншысы»

shutterstock 1242146767

Роналдиньо Фото: Shutterstock

Футболдан әлем чемпионы, 2005 жылғы «Алтын доп» иегері Роналдиньо Лионель Месси жайлы пікір білдірді.

«Марадона, Пеле, Роналдо бар. Сондықтан Мессиді тарихтағы ең үздік футболшы деп айту қиын. Бірақ ол – өз дәуірінің ең мықтысы», — деді Роналдиньо Give me Sport басылымына.

Месси «Барселона» сапында 2004 жылы дебют жасады. Ол клубпен 10 рет Ла Лигада, 4 рет Чемпиондар лигасында топ жарды. Сондай-ақ, 8 «Алтын добы» бар, бұл – рекорд.

Мессидің мансабы «Барселонада» басталды. Ол 2004 жылы негізгі құрамда алғаш рет алаңға шықты, сол кезде каталондық клубтың басты жұлдызы Роналдиньо болған. Бразилиялық ойыншы кеткеннен кейін Месси оның 10-нөмірін алды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін