Роман Старченко — Қазақстан құрамасының жаңа рекордшысы

Роман Старченко. Фото: Olympic.kz
Мамыр айында 39 жасқа толған Қазақстан хоккей құрамасының капитаны Роман Старченко ұлттық команданың тарихындағы ең көп матч өткізген және ең көп ұпай жинаған ойыншы атанды.
2024 жылғы әлем чемпионатында ол ресми турнирлердегі 100-матчтық межеден асты. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 110 кездесуге жетті. Ал Азия ойындарын қоса есептегенде, Роман құрамада 122 матч өткізген.
Бұған дейінгі рекорд 78 матчпен Александр Корешковқа тиесілі еді. Старченко бұл межеден 2021 жылы-ақ асып түсті. Сонымен қатар, ол құраманың нәтижелі ойыншысы атанып отыр – 122 кездесуде 119 (68 гол + 51 пас) ұпай жинаған. Корешковтың көрсеткіші – 83 ұпай.
Роман Старченко 2006 жылдан бері ұлттық құраманың намысын қорғап келеді. Осы уақыт ішінде ол 17 әлем чемпионатына, екі Азия ойындарына және бес олимпиадалық іріктеу турниріне қатысқан.