«Ролан Гаррос»-2025: Қазақстан теннисшілері Париж кортында бақ сынайды

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина. Фото: ISI Photos

Францияда өтетін беделді теннис турнирі – «Ролан Гаррос»-2025 жарысына қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды. Ресми мәліметке сәйкес, дода 19 мамыр мен 8 маусым аралығында өтеді.

Қазақстан атынан ерлер арасындағы негізгі сеткаға Александр Бублик енген. Ал іріктеу кезеңінде Александр Шевченко, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин және Тимофей Скатов өнер көрсетеді. Қыздардан басты турнирге Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева тіркелген.

Айта кетейік, былтырғы маусымда «Ролан Гаррос» турнирінде ерлер арасында испаниялық Карлос Алькарас, ал әйелдер арасында польшалық Ига Швёнтек жеңіске жеткен болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 16:20 Теннис
Рыбакина WTA турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша көш бастады
08 Мар - 14:42 Теннис
Бублик Индиан-Уэллстегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өтті
08 Мар - 09:00 Теннис
Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары
28 Фев - 12:00 Теннис
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
25 Фев - 21:32 Теннис
Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турниріндегі жарысын аяқтады