Ризабек Айтмұхан Түркиядағы турнирде алтын иеленді

Фото: United World Wrestling
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Вехби Емре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
97 келі салмақ дәрежесінде ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұхан топ жарды. Финалда ол Болгария намысын қорғап жүрген Ахмед Магамаевты 7:2 есебімен сенімді түрде ұтты.
Турнир барысында Айтмұхан үш бірдей белдесуді сәтті аяқтап, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Алдыңғы мақала:
Асылжан Бақытжанұлы ACA 188 турнирінде жеңіліп қалдыКелесі мақала:
Футзалдан Еуро-2026 турнирін Словения да қабылдайды
