Рим қаласында 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

1764945437 1

Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті.

Грекиядан алдыңғы күні жеткізілген Олимпиада алауын Италия президенті Серджо Маттарелла ресми түрде тұтатты. Шараға Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Кирсти Ковентри, Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Джованни Малаго және Италияның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жетекшілері қатысты.

Кирсти Ковентри құттықтау сөзінде Олимпиада алауының ұрпақтар сабақтастығын байланыстыратын және олимпиадалық қозғалыстың бастапқы мәні – шабыттандыруды, біріктіруді және әр спортшының ешқандай кемсітусіз жарысқа қатысу құқығын қорғауды еске салатын символдық күші бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол Италияда өтетін ойындар өзінің президент ретіндегі алғашқы қысқы Олимпиадасы болатынын айтып, бұл ойындар спортшылар үшін де, бүкіл әлем үшін де жарқын оқиғаға айналатынына сенім білдірді.

Ал Италия президенті Серджо Маттарелла Олимпиада алауының бейбітшілік, бірлік және өзара құрмет белгісі екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Олимпиада мен Паралимпиада ойындары адамзатпен бәріне ортақ, түсінікті тілде сөйлесе алатын ерекше күшке ие екенін жеткізді. Сондай-ақ бұл ойындар теңдік, құрмет және алға ұмтылу сияқты құндылықтарды еске салатынын айтты.

Маттарелла ойындарға дейінгі жолдың жауласу мен өшпенділіктен бас тарту кезеңіне айналуына үміт артты. Ол Милан мен Кортинада ойындарды бірлесіп өткізу Италияның ашықтығы мен ұлттық бірлігінің айқын көрінісі екенін айтты.

Сөз соңында Джованни Малаго президентке алауды тапсырды. Ал Италия Президенті алаңда орнатылған Олимпиадалық шамды жақты.

Айта кетейік, алау Римге жеткізілгеннен кейін эстафетаның алғашқы метрлерін Джованни Малаго мен теннисші Жасмин Паолини жүріп өтті.

Италия аумағындағы Олимпиада алауының ресми эстафетасы 6 желтоқсанда басталады. Маршрут елдің маңызды мәдени және тарихи аймақтарын, соның ішінде көптеген ЮНЕСКО нысанын қамтиды.

Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 21:03 Басқа
Монреальдағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
07 Мар - 19:53 Басқа
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 17:35 Басқа
Надежда Морозова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
07 Мар - 14:52 Басқа
Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
05 Мар - 10:02 Басқа
Еспелі слалом: қазақстандық Александр Куликов Таиландтағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
02 Мар - 12:57 Басқа
Юлия Галышева Олимпиада-2026 қорытындысын шығарып, мансабын аяқтау мүмкіндігін айтты
01 Мар - 14:45 Басқа
Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік ондықтағы орнын нығайтты
26 Фев - 20:00 Басқа
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлады
25 Фев - 18:24 Басқа
Қазақстандық таеквондошылар Болгариядағы турнирде сынға түседі
25 Фев - 15:00 Басқа
Михаил Шайдоров әлем чемпионатының алдын ала тізіміне енбеді