«Реалдың» жұлдызы 100 миллион еуро талап етіп отыр

Винисиус Жуниор

Фото: TNT Sports

Мадридтің «Реалы» мен Винисиус Жуниор арасындағы келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Don Balon дерегінше, шабуылшы бес жылдық келісімшартқа қол қойып, салықтан кейін жылына 20 миллион еуро жалақы алғысы келеді. Бұл жалпы сомада 100 миллион еуро «таза» табыс болмақ. Алайда клуб басшылығы бұл талаптарды тым жоғары деп санайды.

Президент Флорентино Перес ойыншының қазіргі формасы мен тәртібі сұралған жалақыға сай емес екенін айтқан. Клуб ішінде де наразылық күшейіп келеді. Егер тараптар мәмілеге келе алмаса, Винисиусты келесі жазда сатуға да дайын.

Айта кетейік, футболшыға 200 миллион еуро ұсынып отырған «Манчестер Юнайтед» оның трансферіне қызығушылық танытып отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру