«Реал» Тони Кроосты клуб құрылымына қайтаруды жоспарлап отыр
Мадридтік «Реал» клубы Тони Кроосты келесі маусымнан бастап клуб құрылымына қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Басшылық оны спорттық бағыттағы жұмысқа тартуды көздейді.
AS мәліметінше, клубта Кроостың тәжірибесі мен ықпалы команда жұмысына оң әсер етеді деп есептеледі. Оның нақты қандай қызмет атқаратыны әзірге анықталған жоқ, алайда бұл бастаманы клуб президенті Флорентино Перес қолдап отыр.
Тони Кроос «Реал» сапында 2014 жылдан 2024 жылға дейін өнер көрсетіп, мансабын Еуро-2024 турнирінен кейін аяқтады. Ол осы кезеңде команданың негізгі ойыншыларының бірі болды.
Мадрид клубының құрамында Кроос бес рет Чемпиондар лигасын және төрт рет Испания чемпионатын жеңіп алды.


