Раунтри UFC-дің бұрынғы чемпионынан басым түсті

Раунтри

Фото: Zuffa LLC

Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Кештің негізгі айқасында америкалық Халил Раунтри мен бұрынғы чемпион Джамал Хилл кездесті.

Жекпе-жек бес раундқа созылды. Екі мықты панчер сақтықпен ойнап, аса қарқынды айқас ұсынған жоқ. Алайда барлық кезеңде де басымдық Раунтриде болды.

Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Халил Раунтриге берілді – 49-46, 50-45, 50-45. Бұл оның кәсіби мансабындағы 14-ші жеңісі. Ал Джамал Хилл қатарынан үшінші рет жеңілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру