ҚФФ екі төрешіні жұмысынан шеттетті

Тимур Кумашев судья

Фото: ФК Туран

ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» – «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді.

Төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді.

12 шілдеде өткен матчтың 84-минутындағы эпизод жан-жақты талданып, бейнематериалдар қаралды. Төрешілердің түсініктемелері мен сарапшылар пікірі тыңдалды.

Нәтижесінде «Тұран» қорғаушысы шабуылшыны екі қолымен ұстағаны анықталды. Алайда шабуылшының кейінгі әрекеті: әдейі құлау және шынайы жанасуға сай келмейтін симуляция ретінде бағаланды. 11 метрлік айып добын белгілеуге себеп болғанымен, бұл жағдайда ең дұрыс шешім – пенальти белгілемеу еді.

Бас төреші мен VAR тарапы эпизодты жеткілікті кәсіби деңгейде бағаламады. Сондай-ақ төрешілер бригадасының өзара үйлесімді әрекет етпеуі салдарынан негізсіз шешім қабылданғаны тіркелді.

Бұған қоса, Тимур Кумашев бұған дейін ҚФФ Интегрити офицерінің ұсынысымен бір айға төрешіліктен уақытша шеттетілген болатын. Ал Георгий Чеховскийге қатысты тергеу жүргізілгенге дейін оны да қызметінен шеттету ұсынылған.

Аталған екі тұлға да келісілген ойындарға қатысы бар деген күдікпен жүргізіліп жатқан тергеуге іліккен.

ҚФФ төрешілік жүйесіне деген сенімді сақтау және оның беделін қорғау мақсатында, сондай-ақ Интегрити офицерінің ұсынымына сәйкес:

  • Тимур Кумашев 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді.
  • Георгий Чеховский 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді.
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Сен - 13:45 Футбол
«Серый CARDINAL» ҚПЛ-дың 27-турының басты матчтарына болжам жасады
17 Сен - 08:30 Футбол
Месси «Интер Майамиге» клуб тарихындағы алғашқы Кубок Кампеонесті жеңіп алуға көмектесті
16 Сен - 13:45 Футбол
«Реал» «Эльчеге» қарсы матчта соңғы минутта жеңісті жұлып алды
16 Сен - 12:05 Футбол
16 жастағы Доумен дубль жасап, «Арсеналға» келесі кезеңге өтуге көмектесті
16 Сен - 10:45 Футбол
«Ливерпуль» «Тоттенхэмді» жеңіп, Лига кубогының төртінші раундына өтті
16 Сен - 08:32 Футбол
Лионель Месси Аргентина құрамасына қайта шақырылды
15 Сен - 14:40 Футбол
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
15 Сен - 12:05 Футбол
«Лидс» «Ньюкаслды» ірі есеппен жеңіп, АПЛ-де үшінші орынға көтерілді
15 Сен - 10:45 Футбол
«Спартактан» кейін Максим Самородовқа «Краснодар» қызығушылық танытты
15 Сен - 09:15 Футбол
Неймар «Сантосқа» Филиппе Коутиньоны шақыруға атсалысты