Қазақстаннан UFC-ге тағы бір файтер өтуі мүмкін

UFC

UFC

UFC ұйымында Қазақстаннан тағы бір спортшы өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.

АҚШ-та файтерлерге көмектесіп, менеджерлік қызметті бастап жүрген қырғызстандық Солто Эсенгулов Instagram-дағы сторисінде «UFC-мен тағы бір келісімшарт Қазақстанға жол тартты» деген жазба қалдырған. Әзірге спортшының аты-жөні жарияланған жоқ.

Қазіргі таңда UFC-де Қазақстаннан алты файтер өнер көрсетіп жүр: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан, Әліби Ыдырыс, Николай Веретенников және Дияр Нұрғожай. 2026 жылы қазақстандық спортшылар үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті.

Соңғы рет октагонға Дияр Нұрғожай шықты. Ол наурыз айында Лас-Вегаста өткен турнирде бразилиялық Рафаэл Тобиасты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, өзінің көрсеткішін жақсартты.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру