Қазақстандық клуб – Еуропа хоккей лигасының финалында

Алматинский клуб «Айсулу»

Алматинский клуб «Айсулу»

Алматының «Айсулу» хоккей командасы биылғы маусымдағы Еуропа әйелдер хоккей лигасының (EWHL) финалына шықты.

Жартылай финалдың екінші кездесуінде «ЕВБ Иглз» (Оңтүстік Тироль) командасына 2:4 есебімен жол бергенімен, алғашқы ойындағы 3:0 есебіндегі жеңісі мен екі матчтың жалпы қорытындысы (5:4) «Айсулуға» финалға жолдама әперді.

Алматылық ұжым чемпиондық атақ үшін Австрияның Санкт-Пельтен қаласының «Сэйбрс» командасымен таласады. Финалдың алғашқы ойыны 21 наурызда өтсе, қарымта матч 23 наурызға жоспарланған. Қызығы, «Сэйбрс» жартылай финалда турнир кестесінің көшбасшысы – Братиславаның ПСРЗ клубын жарыстан шығарған.

«Айсулу» сапында ақпан айында Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген Қазақстан құрамасының сегіз ойыншысы бар. Олар: Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова, Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева және Лариса Свиридова.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
28 Ноя - 12:02 Хоккей
Қазақстан жастар хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Словенияға жол тартады
23 Ноя - 15:32 Хоккей
Қазақстан хоккейшілері Жапонияны жеңіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды
18 Ноя - 09:12 Хоккей
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
12 Ноя - 15:24 Хоккей
«Сарыарқа» командасының бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль мансабын Түркияда жалғастырады
04 Ноя - 14:39 Хоккей
Шайбалы хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
17 Окт - 14:09 Хоккей
Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
18 Авг - 17:39 Хоккей
«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты
14 Авг - 15:51 Хоккей
Канадалық қақпашы «Барысқа» қосылды
07 Авг - 11:16 Хоккей
Қазақстан құрамасының хоккейшісі «Барысқа» қосылуға жақын
06 Авг - 09:22 Хоккей
«Барыс» жаңа маусымға дейін шетелдік ойыншылармен күшеймек