Қазақстан U-16 «Вильярреал» академиясымен тең түсті
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Batumi Cup 2026 халықаралық турниріндегі үшінші матчын өткізіп, испаниялық «Вильярреал» академиясының командасымен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз голдың авторы – Никита Духов.
Қазақстан U-16 құрамасының бастапқы құрамында Тұран, Авасханов, Әбибулла, Бақыт, Рүстем, Сейдазым, Бораналы, Ануарбек, Бонет, Жанмұрат және Қуандық алаңға шықты.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчында «Динамо Батумиді» 5:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Ал екінші кездесуде тағы бір грузиялық «Иберия 1999» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.



