Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында элиталы дивизионнан шығып қалды

Чемпионат мира по хоккею

Чемпионат мира по хоккею. Фото: Getty Images

20 мамыр күні Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы ойынын өткізді. Қарсылас – мықты құраммен келген Швейцария.

Алғашқы кезеңде айдын иесі секілді ойнаған Қазақстан құрамасы есеп ашты. Бұл голды «Адмирал» шабуылшысы Аркадий Шестаков соқты. Алайда үзіліске бес секунд қалғанда НХЛ-да өнер көрсететін Кевин Фиала таразы басын теңестірді.

Үшінші кезеңде швейцарлар ойынды толығымен өз бақылауына алды. Әуелі «Цюрихтің» шабуылшысы Андригетто көзге түссе, кейін аты аңызға айналған 41 жастағы Амбюль мен «Лозанна» ойыншысы Риа есепті ұлғайтты.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңіліп, үш ұпаймен В тобының соңында қалды. Осылайша, ұлттық құрама элиталық дивизионмен қош айтысты. Ал Швейцария 19 ұпаймен көш басына шықты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 21:50 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ матчында ЦСКА-ны өз алаңында жеңді
23 Дек - 22:10 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дағы матчта «Тракторға» жол берді
08 Дек - 12:00 Хоккей
«Горняк» шабуылшысы Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алды
28 Ноя - 12:02 Хоккей
Қазақстан жастар хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Словенияға жол тартады
23 Ноя - 15:32 Хоккей
Қазақстан хоккейшілері Жапонияны жеңіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды
18 Ноя - 09:12 Хоккей
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
12 Ноя - 15:24 Хоккей
«Сарыарқа» командасының бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль мансабын Түркияда жалғастырады
04 Ноя - 14:39 Хоккей
Шайбалы хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
17 Окт - 14:09 Хоккей
Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
18 Авг - 17:39 Хоккей
«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты