Қазақстан құрамасы AVC Ұлттар кубогында төртінші орын алды

1781500938

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппиннің Кандон қаласында өткен AVC Ұлттар кубогындағы өнерін аяқтады.

Біздің құрама топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтап, турнирдің жартылай финалына жолдама алған болатын.

Алайда финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық волейболшылар Тайбэй құрамасына 0:3 есебімен есе жіберді.

Үшінші орын үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Вьетнамнан да 0:3 есебімен жеңіліп, турнирді төртінші орынмен аяқтады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру