Қазақстан келісілген матчтар бойынша әлемде алғашқы төрттікке енеді

image

Фото: Футбол 24

Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында келісілген ойындар жайлы пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл тек Қазақстанда емес, әлем бойынша өзекті мәселе. Sportradar Integrity Unit компаниясының 2024 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан күдікті матчтар саны жағынан әлемде төртінші орынға шыққан. Әсіресе, жағдай Бірінші және Екінші лигада алаңдатарлық.

«Бұл — ескерту іспеттес белгі. Менің білуімше, ҚФФ Sportradar компаниясымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Жақын арада екі жақты келісім жасалып, букмекерлік белсенділік пен ойындардағы күмәнді жағдайлар бойынша жедел есептер алып отыратын боламыз. Бұл әділеттілікті қамтамасыз ету жүйесіне тұрақты түрде енгізіледі. Бірақ мұны тек төрешілердің мәселесі деп қарастыру дұрыс емес. Таза спорт – бәрімізге ортақ жауапкершілік: төреші де, ойыншы да, бапкер де үлес қосуы тиіс», — деді Каштру.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру