«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

ФК Кайрат

Фото: Getty Images

Монакода өткен жеребе тарту рәсімінде 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі «Қайраттың» қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алматылық клуб бұл кезеңде сегіз ойын өткізеді: төртеуін өз алаңында, төртеуін түзде. «Қайрат» Алматыда «Реал» (Испания), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия) және «Пафоспен» (Кипр) кездессе, сырт алаңда «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Спортинг» (Португалия) және «Копенгагенмен» (Дания) ойнайды.

Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда бұл белеске жету үшін төрт іріктеу кезеңінен өтті. Алдымен словендік «Олимпияны» жеңді (3:1), кейін финляндиялық КуПС-пен тартысты додада камбэк жасады (3:2). Үшінші раундта тәжірибелі «Слованнан» басым түсті (1:1, пенальти — 4:3).

Плей-офф кезеңінде «Қайрат» шотландиялық «Селтикті» жарыстан шеттетті. Екі матчта да есеп ашылмады, алайда пенальти сериясында алматылықтар жеңіп, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын