«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыластары белгілі болды

Дастан Сатпаев Кайрат

Фото: Getty Images

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіндегі ықтимал қарсыластарының тізімін білді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Үшінші іріктеу кезеңінде қазақстандық клуб Братиславаның «Слован» командасымен кездеседі. Егер осы кезеңнен сәтті өтсе, плей-оффта «Будё-Глимт», «Селтик» және «Мальмё» — «Копенгаген», «Лех» — «Црвена Звезда», «Лудогорец» — «Ференцварош» жұптарының жеңімпаздарымен ойнауы мүмкін.

Ал егер «Слованға» жол берсе, «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түседі. Мұнда қарсыластар ретінде «Янг Бойз», «Хамрун Спартанс» — «Маккаби Тель-Авив» жұбының жеңімпазы және жоғарыда аталған жұптардың жеңіліп қалған командалары болуы мүмкін.

Чемпиондар лигасының жеребесі бүгін, 2 тамызда, Астана уақытымен 15:00-де өтеді. Одан кейін 16:00-де Еуропа лигасының жеребесі тартылады. «Слованмен» алғашқы матч 6 тамыз күні Алматыда өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар