Қайрат Ахметов ACA лигасында өнер көрсетеді

Кайрат Ахметов

Кайрат Ахметов. Фото: ONE FC

Аса жеңіл салмақта ONE Championship чемпионы атанған Қайрат Ахметов (30-2) енді ACA ұйымында жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

37 жастағы қазақстандық файтердің дебюті 19 қыркүйекте Алматыда өтетін ACA 189 турнирінде емес, қазан айында Дубайдағы додада болмақ. Соңғы рет Ахметов Астанада өткен Alash Pride 108 турнирінде грэпплинг ережесі бойынша Генри Сехудомен күш сынасып, 5:8 есебімен жеңілді. Жекпе-жектен кейін ол төрешілердің шешімімен келіспейтінін мәлімдеген еді.

Ахметов ММА тарихындағы ең табысты қазақ спортшыларының бірі саналады. Ол 2015 жылы Адриано Мораесті жеңіп, ONE белдігін иеленді. Жалпы мансабында 32 кездесу өткізіп, оның 30-ында жеңіске жеткен. Бұған дейін ол Деметриус Джонсонға қарсы титулдық айқасқа жақын болғанымен, келіссөздер нәтиже бермеді. Кейін антидопинг ережесін бұзғаны үшін жарты жылға жарыстардан шеттетілген еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Дек - 19:54 ММА
ESPN 30 жасқа дейінгі үздік ММА спортшыларын атады: тізімнің көшін Топурия бастады
07 Дек - 13:39 ММА
UFC-дегі тарихи қадам: Әліби Ыдырыс алғашқы жекпе-жекте жойқын қарсыласпен кездеседі
06 Дек - 16:47 ММА
Конор Макгрегор UFC-дегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді
04 Дек - 15:51 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin турнирінде жылды қорытындылайды
04 Дек - 12:05 ММА
Алмахан Дубайдағы жекпе-жектен кейін рейтингте төмендеді
02 Дек - 09:18 ММА
Қуат Хамитов Зубайра Тухуговпен бокс жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады
30 Ноя - 11:44 ММА
Балғын Жеңісұлы Нұрбек Қабдрахмановтан есе қайтарып, Naiza FC лигасының жаңа чемпионы атанды
26 Ноя - 16:43 ММА
Жұман Жұмабеков NAIZA 78 турнирінде жекпе-жек өткізеді
25 Ноя - 18:58 ММА
Әли Абдель-Азиз Ислам Махачевтің келесі қарсыласын атады
25 Ноя - 17:04 ММА
DAR Team бас бапкері Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орнын бағалады